Мәтінді оқы, сұрақтарға жауап бер. Түлкі мен жолбарыс не үшін орманға барды?
 Қу түлкі
 Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлғаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:
 —Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін,—дейді.
 Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей:
 — Мүмкін емес,— дейді.
 — Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, — дейді түлкі.
 Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын көтере түсіп:
 — Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма тірі?— деп мақтанады.
 — Я, сен шынында да айбарлы екенсің,— деп алданған жолбарыс жайына кетеді.
 Жолбарыс түлкіге сенбегендіктен
 Жолбарыс түлкіні шақырғандықтан
 Аң- құстар оларды күткендіктен