Мәтінді оқы. Мәтінге такырып қой. Мәтін мазмұнын баянда. Мәтіннен деректі және дерексіз зат есімдерді тап. 2011 жылдың 16 желтоксанында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Астана да «Мәңгілік ел» ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Ол жасампаздық қақпасын бейнелейді. Салтанатты қаңланың маңдайында қазақ халқының болмысын бей нелейтін мемлекеттік рәміз – Елтаңба және оның құрамдас бөліктері шаңырақ, киіз үй керегелері, Ұлы Дала еліне құйылған Күн шұғыласы, алтын жалды қанатты пырак және «Қазақстан» деген сез жазылған. «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы — айрықша сәулет ескерткіші. Ол елдік талап пен сәулеттік талғамға жауап береді. Оның құрылымы, бейнесі мемлекетіміздің даңғыл жолын айқындайды. Салтанат қақпасының биіктігі i - 20 метр, ені — 13 метр. Жиырма да, он үш те – қазақ үшін жағымды сан саналады. Сәулет ескерткішінің касбетінде «Мәңгілік ел» жазуы қақпаның аты мен затын білдіреді. Арка ұлттық оюмен безендірілген. Қасбетінде абыз ақсақал мен данагөй ананың, қаһармен батыр мен елшіл жауынгердің қола мүсіндері қойылған. Бұлар да – та рих пен ұлт тамырынан сыр шертетін бейнелер. Қақпаның бір жағына Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың кесенесіндегі «Тайқазанның» көшірме үлгісі орнатылған. Бұл молшылық пен қанағатты, иман мен ынсапты білдіреді. Мұнымен қоса, онда қазақ жауынгерінің бес қаруының бірі «Қалқан» бейнеленген. Қақпаның бір қабырғасы еліміздің қастерлі құндылығы Тәуелсіздікке арналған. Онда азаттықты жария еткен алғашқы ресми құжат — Егемендік туралы декларация көрсетілген. Бұл қабырғада егемендіктің тарихынан сыр шертетін «Ақорда», «Бәйтерек» секілді маңызды нысандардың суреттері көрініс тапқан (С. Негимовтан).

romsik1999 romsik1999    2   04.12.2020 13:57    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi