Мәтінді оқы. Мәтінде көтерілген мәселені анықта. Қазіргі кезде жастар компьютер алдында отырып уақытын жоғалтады. Кейбіреулер жастарға компьютерлік ойындардың көптеген пайдасы бар деп айтады. Ал енді біреулер бұл текке уақыт өлтіру, жастар бос уақытын спортқа, кітап оқуға арнағаны дұрыс деп санайды. Алдымен компьютерлік ойындардың пайдасына тоқталсақ, компьютерлік ойындарды ойнау көңіл көтерудің жақсы тәсілі, сондай-ақ, логикалық ойлауды дамытады. Енді компьютерлік ойындардың зиянына тоқталайық. Біріншіден, адамның көру қабілетін нашарлатады. Екіншіден, бір орында қозғалыссыз отыру арқылы артық салмақ қосасың. Тағы бір маңызды мәселе, көптеген ойындарда агрессивті сәттердің көп болуы жастардың мінез-құлқының өзгеруіне әсер етпей қоймайды. Жастар мұндай ойындарға көп уақыт жұмсайды, бұл алтын уақытты жоғалту мен адамдар арасындағы қарым-қатынастың бұзылуына әкеледі. Мен бос уақытымды ата-анаммен және достарыммен өткізгенді қалаймын. Сонымен қатар, маған компьютерлік ойындардан гөрі спортпен айналысқан, кітап оқыған ұнайды. Кітап – жан азығы. Ол бойыңа даналық дәнін сеуіп, сені дұрыс жолға жетелейді. Ал спорт – өмір. Спортпен айналысқан адам арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты болады. Қырандайын алыстарға самғайды. Жастардың уақытын пайдасыз өткізуі Жастардың спортпен айналыспауы Жастардың денсаулығының бұзылуы