Мәтінді оқы. Мәтінді пайдаланып тапсырмаларды орында. (Прочти текст. Выполняй задания, используя текст.) Ежелгі заманнан бері Шығыс халықтары Наурыз мерекесін тойлап келеді. Бұл мереке  табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні, яғни бір тəуліктегі күн мен түннің ұзақтығы бірдей болған күні тойланады. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болады. Осы уақыттан бастап күн  ұзарып, түн қысқарады. Наурыз – жыл басы. Парсы тілінде «ноу» – «жаңа», «руз» – «күн» деген ұғымдарды білдіреді.
Мереке сəлемдесуден басталады. Ер адамдар қос қолдасып, ал əйелдер құшақтасып  амандасады. Сəлемдескен кезде «Жасың құтты болсын!», «Ұлыс береке берсін!» деген сияқты тілектер мен құттықтаулар айтылады. Адамдардың  барлығы: «Армысың, қайырымды Күн – Ана!» – деп күнге бас иеді. Күнге тағзым  еткеннен кейін ер адамдар қолдарына күрек алып, бұлақтарды тазартады. Бұлақтардың  қасына ағаштар отырғызады. «Бұлақ көрсең, көзін аш!», «Бір тал кессең, он тал ек!»  деген сөздер осыдан шыққан болу керек
Наурыз күні əр үйде мерекелік дастарқан дайындалады. Дастарқанға дəстүрлі ет  тағамдары, ұлттық тамақтар қойылады. Бұл мейрамның негізгі асы – наурызкөже.  Оны жеті түрлі тағамнан пісіреді. Сөйтіп, бүкіл халық ауыл-ауылды, үй-үйді аралап,  амандасып, наурызкөже ішеді. Халықта «Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!»  деген сенім бар.
Дастарқан басында жастар үлкендерден бата алады. Бата – үлкендердің өзінен жасы  кішілерге беретін ықыласты тілегі. Мерекеде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды. Əн  айтып, би билейді. Той тойға ұласады.

Мәтін не туралы?
Наурыз мейрамы қалай түсінесің? Өз ойыңды жаз.
Тоқшылық деген не?
Наурызда дайындалатын тамақ қалай аталады?
Бата беру дегеніміз не?

zhukovaalisa401 zhukovaalisa401    2   17.03.2021 06:42    0

Ответы
elkilk elkilk  17.03.2021 06:50

1) Мәтін Наурыз мейрамы туралы.

2) Наурыз мейрамы ұлттық мирам .Ол біздің ата-бабадан келе жатқан дәстүр.

3) Тоқшылық дегеніміз Адамның қарны тоқ , көйлегі көп, көп тамақтар.

4) Наурызда дайындалатын тамақ наурыз көже.

5)Бата беру дегеніміз үлкендердің батасын алу.Мысалы: алыс сапарға,алыс жерге немесе жұмысқа кетіп бара жатқанда, үстел басынан тұрарда т.б. нәрселерге бата береді

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi