Мәтінді оқы, мәтін мазмұны бойынша 5 сұрақ құрастыр
Елбасы кітапханасы
Мекеме Елбасының 2014 жылдың 13 наурызындағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Жарлығымен құрылған. Кітапхана, мұрағат қызметімен тікелей айналысса да, қызметтік сипаты әдеттегі көпшіліктік кітапханалардан өзгеше. Өйткені, бұл нысан – Елбасының жеке кітапханасы, жеке мұрағаты. Президенттік кітапханалардың тарихына үңілсек, біздегідей тәжірибе АҚШ-та ғана, оның өзі бір-ақ рет орын алыпты. Билік басында отырған кезінде Франклин Рузвельт өзінің президенттік орталығын жасақтаған. Соның негізінде кейін оның есімімен аталған кітапхана-мұражай бой көтерген-ді. Елбасы кітапханасы орналасқан кешен – Астана қаласының мақтанышына айналған сәулеттік туындылардың бірі деп толық сеніммен айта аламыз. Ғимарат 2013 жылы британиялық танымал сәулетші Норман Фостердің жобасы бойынша салынған. Жалпы аумағы – 28 мың шаршы метрден астам. Ғимарат аспанға, яғни ұшар биікке ұмтылған көз жанары тәрізді. Ол өзіндік зәулім де қайталанбас сыртқы келбетімен Қазақ елінің қарыштап даму бағдарын, өмірлік жолын, қуатын көрсетеді. Мұнда Мемлекет басшысының қатысуымен аса ауқымды әрі зор маңызға ие халықаралық, республикалық жиындар өткізіліп тұрады.