Мәтінді оқы . Электр қуатын көп тұтыну жаһандық экологияға көп залал келтіруде. Сондықтан әрбір азамат электр қуатын күнделікті тұрмыста үнемдеуі керек. Ұялы телефон, ноутбук сияқты құрылғылардың қуаттағышын тоқтан ылғи ажыратып отырған дұрыс. Өйткені тоқ көзіне қосылып тұрған құрылғы энергия тұтынады. Бірер күнге басқа жаққа кетерде шамды өшіріп қана қоймай, тоқ көзінен теледидар, музыкалық орталықты да суырып кеткен жөн. Олар тоққа қосылып тұрса, аз да болсын энергия шығындап тұрады. Киім үтіктеп жатқанда біреу телефон соқса, үтікті суырып барып, қоңырауға жауап беріңдер. Барлығымыз тоққа абай болайық!
Мәтінге ат қой.1 ұпай
Мәтіннен үш есімдікті жаз.
1ұпай
Сұраққа жауап жаз. Электр қуатын үнемдеу үшін не істеу керек? 1 ұпай