. Мәтінді оқыңдар. Мазмұнын түсініңдер. Қазақ халқының қолөнері ерте кезден-ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Геродот тіпті былай деп жазған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Садақтың металды бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан, ал баскиімдері мен белдік әшекейлері алтыннан жасалған. Сондай-ақ ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылған. Жүген сулығы, ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейленіп безендірілген». Қазақ халқының қолөнері туралы Ресей ғалымдары да сүйсіне әңгімелейді. Мысалы, М.А.Леваневский: «Қазақтың қандай кәсіпке болмасын табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің... Қазақтың тіккен аяқкиімдері өте берік, киюге ыңғайлы», – деп жазады...
Б.Әбілдаұлы. «Талас-Тараз» тарихи-деректі романынан
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Геродот қазақтың қолөнері туралы не жазған?
2. Заттар неден жасалған?
3. Қазақтың тіккен аяқкиімдері қандай болған