МӘТІНДІ оқыңдар. Мәтіндегі мәліметтерді кесте, диаграмма, сурет не шартты белгілер арқылы бейнелеңдер.
«KazSat» сериялы ұлттық ғарыш жүйесі қазақстандық спутниктік опе-
раторлар қызметін тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырып, елі-
міздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сонымен бірге шетелдік
ресурстарды жалға алғаны үшін шетелге кететін қаржы ағынын азайту үшін
құрылған.
Бүгінгі күні «KazSat-2» штаттық режімде жұмыс істеп тұр. Оның жүкте-
месі жалпы ауқымның 66%-ын құрайды.
Ал «KazSat-3» спутнигін ұшыру арқылы Қазақстан байланыстың толық-
қанды жүйесін иеленетін болады, яғни, ғарыштық байланыс секілді аса
маңызды салада автономия алып, сыртқы көздерден тәуелсіздігін жүзеге
асырып отыр деген сөз. Осылайша біз спутниктік хабар таралымдарын қамта-
масыз етіп, елімізде жылдам Интернеттің қалыптасуына жағдай жасаймыз.
Ең бастысы, еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі жүйесін өз қолымызда ұстап,
толығымен қамтамасыз ететін боламыз», - дейді Талғат Мұсабаев.
Тұтастай алсақ, «KazSat-3» Жер серігін мамандар қазірдің өзінде үлкен
жеңіске балап отыр. Шындығында, ғарышта Жер серігі бар мемлекеттердің
саусақпен санарлық екенін ескерсек, ал Қазақстанда бір емес, екі Жер сері-
гінің бір-біріне септесетіні – біз үшін аса маңызды қадам.
1...)