Мәтінді оқыңдар. берілген тапсырмаларды орындаңдар. 1 -т. Мәтінді бірнеше мағыналық бөліктерге бөліңдер және әр бө- лікке атау беріңдер.
2 -тНегізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға беріңдер.
3 -т «Кубизм» әдісін пайдалана отырып, кестені толтырыңдар.

Кім? Қашан? Қалай?
Не Қайда? Не себепті?
Білімге жол ашқан Жәңгір хан
Ел басқаруда білімнің, мәдени- еттің қажеттілігін түсінген Жәңгір хан қазақ жерінде еуропалық үлгі- дегі мектеп ашуды жоспарлайды. 1831 жылы Орынбор генерал-губер- наторы Эссенге хат жолдап, мектеп үйін салуға көмектесуін сұрайды. Жәңгір хан Орынбор ұлықтарына жолдаған құжаттарында қазақ бала- ларын Ресейдегі жоғары және орта оқу орындарына қабылдау жөнінде мәселе қойған. Ал оларға түсу үшін әлемдік ғылымдарды үйрететін мек- тепсіз болмайтын еді.

1841 жылы 6 желтоқсанда хан ордасында Жәңгір өз қа- ражатына қазақ балалары үшін училище ашты. Ол «Жәң- гір училищесі» деп аталған. Хан осы училище үшін арнайы

үй салдырып, оған оқытушыларды өзі таңдап, тағайындады және кететін шығынды өз қазынасынан төлеп отырды. Учи- лищенің алғашқы меңгерушісі болып осы Ордада мал дәрі- гері болып жұмыс істеген Константин Петрович Ольдекоп тағайындалды. Ольдекоп шәкірттердің сабақ үлгерімі жур- налын жылына үш рет ханға көрсетіп отыратын болған. Бі- рінші жылы мектепке 25 оқушы қабылданды: оның жете- уі мектеп жанындағы жатақханада жатып оқыса, он сегізі үйден келіп оқыған, ең ересегі 22 жаста, ал кішісі 9 жаста болды.
Мектептің бір ерекшелігі – ол ашылған күннен бастап бір сәт те жабылып көрген емес. Жылдан жылға ұлғайып, көркейіп, дами түсті. Сөйтіп, Бөкей ордасында ашылған мек- тептің ықпалымен тағы да жеті мектеп ашылып, алғашқы мектеп орталық мектепке айналады. Осы орталық мектеп арқылы бүкіл Бөкей ордасындағы білім жүйесі, оқу бағдар- ламалары реттеліп, қадағаланып отырды.
Жәңгір бастауыш білім берумен шектеліп қоймай, қазақ балаларын жоғары оқу орындарына жіберу, оларды ел бас- қаруға үйрету бағытында да көп еңбек сіңірді. Ханның маман кадрлар және мұғалімдер даярлау саясаты мемле- кеттік деңгейде жүзеге асып, мектеп түлектері Ресейдің әртүрлі арнаулы орта және жоғары оқу орындарда оқуын жалғастыру мүмкіндігін алды. Ең беделді оқу орны болып саналатын Неплюев кадет корпусын бітірген 37 түлектің 8-і Бөкей ордасының қазақ жігіттері болатын. Сонымен бірге қазақ жастары Орынбор әскери училищесінде, Орынбор кадет корпусында, Қазан университетінде, Санкт-Петербург кадет корпусында және т.б. оқу орындарында мамандық алып, әртүрлі салада маңызды қызметтер атқарды. Ал кей- бір қазақ маман-кадрлары Ресейдің ірі мекемелерінде қыз- мет істеген. Бұдан біз Жәңгір ханның қазақ жастарының заманға сай білім алып, әр салада қызмет істеуіне жол аш- қанын көреміз.

mur181 mur181    3   06.11.2020 07:54    5

Ответы
nikusha10 nikusha10  06.12.2020 07:55
Қазақ оидасының өркендеуі.Мәтінде ежелгі қазақ ордасы сипатталған. Білмедім
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi