Мәтінді оқы.

Біздің ауыл Алмалы деп аталады, өйткені жабайы алма көп өскен тау бөктерін солай деп атайды. Бұл тауда жабайы алманы қорек етіп аю өріп жүреді екен. Сондықтан үлкендер күні бүгінге дейін жабайы алманы аю алма деп атайды. Ол кезде алма жегісі келгендер жүйрік атпен кеп, алманы ат үстінде тұрып жинайды екен. Егер адамның алманы үзіп жатқанын бір аю көріп қалса, қазандай тасты көтеріп ап, ақырып қуатын көрінеді. Сонда бүкіл Алмалы бойының аюлары: «Біздің алмамызда адамдардың не қақысы бар»,- десіп ашуланып, жер-көкті азан-қазан етеді екен. Біз туған кезде сол өріп жүрген аюлардан ізі де қалмапты. Ол кезден қалған бір ғана белгі, әлгі алып алма ағаштың түбіндегі үңгір ғана. Оны аюлардың патшасы мекендепті.

«Төрт сөйлем» құрылымына салып жаз:

Пікір: мәтін бойынша пікіріңді бір сөйлеммен жаз.

Дәлел: пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.

Мысал: пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріп жаз.

Қорытынды: тақырып бойынша қорытынды жаса.

Stebnevaalina346 Stebnevaalina346    1   23.11.2020 12:58    7

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi