Мәтінді оқы, аудар. Прочтии и переведи текст (устно)
Қазақ халқында табалдырық — қасиетті ұғым. Ол – үйдің сырты мен ішінің шегарасы, байлық пен
кедейліктің де шегарасы. Табалдырық — бақыт пен жақсылықтың қарауылы. «Табалдырықты баспа бакыт
Қашады». «Табалдырықта тұрма, үйге келетін жақсылықты қайтарма», «Табалдырықта тұрып, кедейлікті
Шақырма» деген тыйым сөздер жай айтылмаған.
Табалдырық — бакыттың белгісі. Табалдырығыңнан құтсыз адам аттаса, кедей боласың. кұтты адам
аттаса бай боласың.
Сұрақтарға жауап бер. ответь на вопросы (письменно).
1. Табалдырық қазақ халқында қандай ұғым болып саналады?
2. Табалдырық ненің шегарасы?
3. Табалдырыққа қатысты қандай тыйым сөздер бар?
4. Табалдырық ненің белгісі?