Мәтінді оқы,аудар Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Қазір күз мезгілі. Күн салқындады.
Суық жел соқты. Ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түсті. Бақтарда
түрлі жемістер мен көкөністер пісті. Біз бақшадан асқабақ, қызанақ, алма,
алмұрт жинадық. Әпкем қырыққабат тұздады. Шешем алма мен алмұрттан
тосап қайнатты. Біз күз мезгілін ерекше жақсы көреміз.
1. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасаңыздар.
І нұсқа
ІІ нұсқа
Жеміс
Қазан
2. Төмендегі сөздерге зат есімнің көптік жалғауын жалғаңыздар.
Сынып, адам, әже, ата
Мұғалім, аға, кісі, мектеп
3.Берілген сөздерді тәуелдеңіздер.
Алма
Алмұрт
4.Берілген сөздерге антонимдік қатар табыңыздар.
Жылы,күн,
жақсы, суық
5. Берілген сөздерді септеңіздер.
Қыркүйек
жапырақ​

MostepanovaJanna MostepanovaJanna    2   20.04.2021 14:48    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi