Мәтінді оқы. Аргументативті эссеге тән ерекшелікті анықта. Аргументативті эссе – көтерілген мәселені екіжақты қарастыру үшін аргументтер ұсынылатын эссе түрі. Әдетте аргументке қарсы контраргумент беріледі. Мәселені екіжақты қарастырған кезде аргумент пен контраргумент арасында баланс сақталуы немесе автор (студент) өз ұстанымына басымдық беруі мүмкін.
Аргументативті эссе – тақырыпты кең көлемде зерттеуді талап ететін жазу жанры. Ол дәлелдемелерді жинап, түрлендіріп және тиімділігін бағалап, тақырып бойынша ұстанымыңды жинақы түрде жеткізуді талап етеді.
Эссенің бұл түрі мәселені жан-жақты қарастыру арқылы аудиторияны белгілі бір көзқарасқа сендіру, ұстанымның неліктен тиімді екенін айқын тұжырымдауды мақсат етеді.
Аргумент берудің жолдары:
Факт: мәлімдеменің шын немесе жалған екендігі.
Анықтама: Сіз таласып жатқан ұғымның (мәселе атауының) лексикалық анықтамасы, оны жеке-жеке түсіндіру.
Мән: сіз таласқан мәселенің маңыздылығы.
Себеп пен нәтиже: эсседегі проблема қандай және оның салдары қалай болмақ?
Саясат: оқырман неге қамқорлық көрсетуі керек және оқығаннан кейін не істеу керек?
Дұрыс жауап саны: 3
Құрылымы басқа эссе түрлерінен ерекше
Дәлелді кез келген дереккөзден алуға болады.
Бір ұстанымға басымдық беріледі.
Автор өз ұстанымын ғана дәлелдейді.
Мәселені екіжақты қарастырады.
Өзгенің пікірін мүлдем теріске шығаруды көздемейді.​

Cjfd Cjfd    1   24.10.2020 18:59    22

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi