Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Киіз үй Киіз үй – Орталық және Орта Азияны қоныстанған мал өсірушілердің негізгі баспанасы. Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі. Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр. Киіз үй - қазақ халқының бір шегесіз жиналып, бір шегесіз құрылатын, қыста жылы, жазда салқын, көшіп-қонуға ыңғайлы тұрмыстық үй. Ол көшіп- қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы. Жазда ауасы таза әрі салқын. Қыста қазақтар киіз үйдің сыртқы киіздерін қабаттап жауып, қыстан шыға берген. Киіз үй торкөз керегелерден және уық пен шаңырақ, киізден тұрады. Киіз үйдің ағаш қанқасы үш бөліктен құралады: кереге, уық, шаңырақ. Қазақтардың үйі көшпелі тұрмысқа беймделген. Киіз үй – мал баққан көшпелі халықтардың қысы – жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әр түрлі болып келеді. Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. 1. Мәтін не туралы? А) қазақ халқы туралы В) киіз үй туралы С) Қазақстан туралы D) барлық нұсқалар дұрыс 2. Сөйлемді өз сөзіңізбен жалғастырыңыз. Ойды қорытындылаңыз. Киіз үй - 3. Ақпараттарды дұрыс/бұрыс/айтылмаған нұсқасымен сәйкестендіріңіз. 1.Киіз үй тез құрылып, бірақ баяу жиналады. А) дұрыс 2. Киіз үй – мал баққан көшпелі халықтардың қысы – жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. В) айтылмаған 3.Абай киіз үйде отырғанды жақсы көреді. С) бұрыс Мәтін бойынша мәліметтерді толықтырыңыз. Киіз үйдің ағаш қанқасы II.