Мәтінді мұқият тыңда. Мәтін бойынша 4 тірек сөзді түртіп ал. Жаз Пошта конвертін хаттың «киімі» деуге болады. Ертеректе хатты қайыңның қабығына жазып, хабаршылар арқылы таратып отырған. Олар хаттарды мәтіні ішкі жағында қалатындай етіп бүктеп қоятын. Хатты қайда және кімге апаратынын жазатын орын болмағандықтан, оны басқа ағаш қабыққа жазып, хатпен бірге жіппен байлап қоятын.
Мұндай хаттарды жіберу ыңғайсыз болды. 1820 жылы ағылшынның қағаз сатушы саудагері Бревер хат салатын қалташа жасап шығарды. Ол «конверт» деп аталды.
«Конверт» сөзі «орап қою», «айналдыру, бұрау» деген мағынаны білдіреді. Көп кешікпей конверт хаттан бөлініп, оның сыртқы «киіміне» айналды. Қазақстанның халық әртісі, қазақтың әйгілі күйшісі Дина Нұрпейісова Батыс Қазақстан облысында туып-өскен.Ол кішкентайынан «домбырашы қыз» атанған. Күй атасы Құрманғазының шәкірті болған. Ол 75 жасында Москвада өткен халық аспаптар тартатын өнерпаздардың бүкілодақтық байқауында жүлделі орынды жеңіп алған. Дина Нұрпейісованың әкесі Кенже палуан әрі шебер домбырашы болған. Дина тоғыз жасынан бастап домбыраны игере бастайды.
Бірде осы ауылға атақта күйші Құрманғазы келеді. Ол Динаның домбыра тартысын көріп, риза болады. Оған көптеген күйлерді үйретеді. Құрманғазы шәкіртіне өзінің домбырасын сыйлайды.
Берілген мәтіндерден туынды зат есім тауып, негізгі зат есімдерге айналдырып жаз.

Dim102 Dim102    1   04.03.2021 14:21    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi