Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.Внимательно прочитайте текст, и выполните задания. Көксерек ешкімге өзі ізденіп тиіспейді. Ит баласына заты қастай жібімейді. Әлі күнге бір рет жадырап ойнап көрген емес. Татулық жоқ, суық. Жалғыз-ақ атын біледі. Құрмаш пен әжесі шақырса келеді. Өскен сайын сызданып, суықтанып келеді. Сол мінезін байқаған үлкендер:
Енді мұны өлтіріп, терісін алу керек; осы кәпір түбінде ел болмайды, - дейтін де болып еді. Бірақ Құрмаш көнбеді.
Қара ала төбеттің иесі Жұмаш бала жаз бойы Құрмашқа:
Қасқарың болса қайтейін, менің қара ала төбетім бір-ақ бұрап соғады. Арашаламасаң, әлдеқашан өлтіріп тастар еді,- дейтін.
Бір күні түсте Құрмаш Көксерекке ас құйып тұрғанда, үйдің көлеңкесінен қара ала төбет шыға келді. Ол бірден Көксеректің бүйір жағынан келіп арс етіп, қауып түсті.
Көксерек «гүрр» етіп, қара ала төбетті алқымынан ала түсті. Төбеттің мойнын бұрғызбастан тістеп, жұлқып-жұлқып жібергенде, төбет жерге сұлап түсті.
Мәтіннің үзіндісін мұқият оқып, берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз. Внимательно прочитайте текст, ответьте на вопросы по содержанию текста.
Сұрақ (Вопрос) Жауаптың басы (Начало ответа) Дұрыс жалғасын табыңыз (Найдите правильное продолжение)
Көксерек иттерге неге жібімеді? (Почему Коксерек не нашел общий подход к собакам?) Ит баласына заты қастай жібімейді... Өскен сайын сызданып, ... дейтін де болып еді. Бірақ Құрмаш көнбеді.
Үкендер Көксерек туралы не дейді? (Что говорят взрослые про Коксерек) - Енді мұны өлтіріп, терісін алу керек; осы кәпір түбінде ел болмайды, шыға келді.
Көксерек пен қара ала төбет қалай кездесті? (Как встретились Серый лютый и аульные собаки?) Бір күні түсте Құрмаш Көксерекке ас құйып тұрғанда, үйдің көлеңкесінен қара ала төбет... . суықтанып келеді.
2. Берілген сөздерді дұрыс нұсқада жөндеп, сәйкес бағандарға жазыңыз. Исправьте данные слова в правильной форме и запишите их в соответствующие графы.
Күрделі сөздер (Сложные слова)
Алғаш-рет, жап жасыл, ас құйғыш, ҚӘ, жап-жасыл,
ит аяқ, ҚР, био алуантүрлілік, өмір – сүреді, күнде күнде, халықтарының, сүт-қоректілер, жолбарыс,
тұрып тұрып, Қызыл-кітап, әсер ету, Мұхтар Әуезов,
жұлқы ұлқып. Біріккен сөз Қос сөз Тіркескен сөз Қысқарған сөздер
асқұйғыш жап-жасыл алғашрет ҚӘ