Мәтінді мұқият оқып , төмендегі тапсырмаларды орындаңыз .Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімд қажет етеді . Адам ағзасына демалыс кезінде жол ауыртпалығын көтере алмау , жаңа ортаның климаты , тамағы , уақыттың ауысуы әсер етеді . Сондай - ақ , халық көп шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар көп болады . Сол себептен де саяхат кезінде денсаулығыңызға салғырт қарамаңыз Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып тексеріліп алыңыз . Саяхат кезінде денсаулығыңыз сыр бермесін десеңіз , дәрігер кеңесіне ескеріп , өзіңізді күтіңіз . Саяхатқа шықпас бұрын барар мекеннің климаты , салты , тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан біліп алыңыз . Қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап , ақыл - кеңес алу өте пайдалы . Жолға жиналғанда қажетті заттармен бірге дәрі - дәрмек салынған қобдишаны алуды ұмытпаңыз . Саяхат кезінде беті қолыңызды жиі - жиі жуып тұрыңыз . Өзіңізбен бірге орамал алып жүрген абзал . Су болмаған жағдайда ылғалды сүлгілерді пайдаланыңыз . Дәріханадан антибактериалды сабыня сұйықтық сатып алыңыз . Тек қана таза су , кофе , көк немесе қара шәй ғана ішіңіз . Газдалған сусындарды пайдаланбаңыз Жеміс - жидектер мен көкөністерді жуып жеңіз . Ет , балық , тауық , нан , сүт өнімдерін тек қана дүкендерден ғана алыңыз . Көшеден , базардан тамақ сатып алмаңыз .Берілген тұжырымдардан бір « жалған » ақпаратты анықтаңыз