Мәтінді мұқият оқып,сұрақтарға жауап беріңіз. Көшпенділердің музыкалық мәдениетінің тамыры өте тереңде жатыр. Жартастардағы суреттерден билеп жүрген адамдардың, таяққа ілінген сылдырмақтарда ойнап тұрған бейнелерін кездестіруге болады. Көшпенділердің ең көне музыкалық аспаптары: ұрмалы даңғыра, қурайдан жасалған үрмелі сыбызғы, ілмелі-шертпелі қобыз, домбыра іспеттес қарапайым аспаптар болған. Эпостардағы «адырнасын ала өгіздей мөңіреткен» деп келетін жыр жолдары өнерпаз жауынгердің садағының адырнасын іркіп-тартып музыкалық үн шығаратынын білдірсе керек. Орталық Азия, Сібір, Тибет халықтарында бүгінге дейін кездесетін бір ішекті қобыз осы музыкалық аспаптың көне түрі болуы мүмкін.

Ауызбен үрлеп ойнайтын, қыштан жасалған уілдек деп аталатын аспаптың көне түрлері ортағасырлық Отырар қаласынан, Жамбыл облысындағы Ақтөбе (Баласағұн) қаласынан табылған. Олар Х-ХІІ ғасырларға жатады. Қорқыт ата бүкіл түркілер әлемінің сарын, күй, әуен өнерінің атасы болса, одан бергі музыка өнері Әл-Фарабидің, Ибн Синаның, ұлы жыршы Кетбұғаның, Сыпыра жыраудың, Асанқайғының, Қазтуғанның, Әбу әл-Қадырдың, Әбдірахман Жәмидің, Бұқардың, Нысан абыздың есімдерімен байланысты.

Мәтіннен негізгі ақпарат, қосымша ақпарат және детальді ақпаратты табыңыз. [3]

Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат Детальді ақпарат​

rainbiwcat750KO rainbiwcat750KO    3   30.10.2020 12:21    0

Ответы
Лера565009 Лера565009  29.11.2020 12:21

негізгі ақпарат: көшпенділердің музыкалық мәдениетінің тамыры өте тереңде жатады.

қосымша ақпарат: орталық Азия,Сібір, Тибет халықтарында бүгінге дейін кездесетін бір ішекті қобыз осы музыкалық аспаптың көне түрі болуы мүмкін.

детальді ақпарат:оларX-XIIғасырларға жатады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi