Мәтінді мұқият оқып , сұрақтарға бір сөзбен жауап жазыңыз . Парсы патшасы Кир түркі көшпенділер еліне елші жіберіп , Тұмар ханшайымның өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды . Бұл Кирдің массагеттермен соғысу үшін тапқан амалы болатын . Тұмар Кир патшаның ұсынысын қабылдамайды . Кир жауынгерлерімен Аракс өзеніне жетіп , көпір салуды әмір етеді . Тұмар олардың дариядан өту үшін көпір салғалы жатқанын естіп , Кирге елші жібереді . Екі жақтың келісімімен өзеннің массагеттер жағынан соғыс алаңы дайындалады . Кир Лидияның бұрынғы патшасы Крездің үйреткен айласымен массагеттерді жеңіп , Тұмардың ұлы Спаргапты тұтқынға алады . Тұмар ханшайым Кирге ұлын ерлікпен емес , қулықпен қолға түсіргенін айтып , босатуды өтінеді . Тұтқынға түскеніне намыстанған Спаргап өзін - өзі өлтіреді . Парсы патшасы Кир Тұмарға жеңгенше шайқасатынын хабарлайды . Екі жақтың арасында қырғын соғыс басталып , далалық ұрыс тәсілін тиімді пайдаланған массагеттер парсылардың әскерін түгел жояды . Қанқұмар Кир де соғыс алаңында қаза табады . Аңыз бойынша , Тұмар ханшайымшайқас аяқталған соң , сарбаздарына Кир патшаның денесін таптырып алып , басын кестіріп , қан толтырылған ыдысқа салып тұрып : - Әйтеуір тірі қалдым , сені жеңіп шықтым демесем , жалғыз ұлымды арамдықпен қолға түсіріп , сен менің түбіме жеттің , жауыз ! Енді берген сертімді орындап , басыңды қанға батырып , сусыныңды қандырғаннан басқа амалым жоқ , - деген екен . Сұрақтарға бір сөзбен жауап бер : 1. Парсылардың патшасы кім ? 2. Массагеттердің ханшайымы кім ? 3. Кирге ақыл берген кім ? 4. Кир кімді қолға түсіреді ? 5. Соғыста кімдер жеңіске жетед

Rusena Rusena    3   03.12.2020 15:47    0

Ответы
123Настенька 123Настенька  02.01.2021 16:09

1. кир

2.тумар

3.крез

4.спаргапты

5тумар

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi