Мәтінді мұқият оқып, құрылымы мен рәсімделуін анықтаңыз.
БАҚ – ықпалды әрі қозғаушы күш
Ақпараттық қарым-қатынастың дамуы әлеуметтік өмірге үнемі жаңаша сапалық өзгерістерді әкеліп, қоғамдағы ақпарат ағынының аясын кеңейтті.
ХХ ғасырдағы ақпараттық қарым-қатынастың алғашқы қадамы жоғары дамыған елдерде ХІХ ғасырдың соңында мерзімді ба өз өмірінде жасалған шұғыл бетбұрыс арқылы көрініс тапты. Ат төбеліндей аз ғана оқырманға ғана қызмет еткен, таралу аумағы тым тар болған мерзімді ба өз өзінің 300 жылдық тарихында тұңғыш рет бұқараны жаулап алды да, ғасырлар тоғысында ақпараттың маңызды құралына айналды.
Ақпараттық қарым-қатынастың екінші қадамы ретінде радионың өмірге келуін атап айтуға болады. ХХ ғасырдың басында дауыс, дыбыспен ауызша ақпарат жеткізетін «сымсыз хабаршы» радионың байланыс саласындағы жаңа құралға айналуы журналистика тарихындағы жаңа құбылыс болды
Ақпараттық қарым-қатынастың үшінші қадамына келсек, бейнелі ақпарат жеткізуге арналған тәжірибелік істің алыс қашықтықтағы кеңістікке тұрақты түрде телехабар тарата алатын жағдайға ауысуы еді. Нәтижесінде телевизия атты техника бұқаралық ақпарат құралына айналып шыға келді.
Ақпараттық қарым-қатынастың төртінші қадамы ХХ ғасырдың соңғы 25 жылында басталды. Ғарыштық және кабелдік телевизия күшті дамып, аса көп мөлшерде ақпарат жинауға, сақтауға және бүкіл дүниежүзіне жедел таратуға толық мүмкіндігі бар компьютерлік жүйенің пайда болуы журналистиканың дамуын жаңа сатыға көтерді.
Бұқаралық ақпарат қарым-қатынасының тарихи дамуы қайшылыққа толы, күрделі болса да қазіргі өркениет үшін оның алар орны, маңыздылығы ерекше екендігі дау тудырмаса керек. Журналистика адамзат тағдырына маңызды ықпал жасаумен қатар, оның ақпаратының жаһандық кеңістігі қалыптасып келеді.
Мәтін қандай жанрда жазылған? Дәлелдеңіз.
Жоспар құруға үлгі схема
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1.
2.
ІІІ. Қорытынды бөлім