Мәтінді мұқият оқып, оқылым тапсырмаларын орындаңыз. Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр.
Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде «төрт түлік малды құрадың» деген тіркес
кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арнап айтылған. Мысалы, «Байбөрі деген бар екен, Байбөрі
малға бай екен, төрт түлігі сай екен...» («Алпамыс батыр» жырынан).Халық төрт түліктің әрқайсысының
сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды Ойсылқара, Қамбар ата, Шопан ата, Зеңгі баба деп атаған. Қазақ
төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген.
«Нар жолында жүк қалмас» деген мәтел осының айғағы. «Ат-ердің қанаты», «Мінсең- көлік, жесең-ет» деп
жылқы малын аса жоғары бағалаған.
Қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны-жылқы. Жылқы көшіп-қонуға төзімді,
ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемесі жайылады. Оның азығы - шырыны мол, қатқыл шөптер. Оның еті
де, сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ертен кезден-ақ белгілі. Жылқы бетегелі, селеулі, қауданды жерде
өскен.
Қазақтың жылқымен қатар ұстаған малы-түйе. Қазақта «Түйелі бай қонады, сортаңды алып» деп
басталатын өлең бар. Себебі, ертедегі түйелер байлар суы тұзды көлдердің, теңіздердің, өзендердің
бойларына өсімдігі ащы, сортаң жерлерге қонатын болған.Түйе-жүк көлігі. Түйенің түбiтi мен шудасы
қымбат саналады: түбітінен иіріп тоқыған киім ең жылы, ең төзімді болады; шудадан жіп, арқан еседі.
Түйенің сүті де асыл. Одан ашытатын қышқылтым сусынды Батыс Қазақстанда «шұбат», Түркістанда
«қымыран» деп атайды. Ғылымның дәлелдеуінше, шұбаттың дәрілік қасиеті қымыздан да артық саналады.
(216 сөз)
1. Мәтінге қандай ат қоясыз? Неліктен?
төрт түлік
Объяснение:
себебі қара мал және олардың иелері туралы айтылды