Мәтінді мұқият оқып, негізгі ақпаратты диаграммаға түсіріңіз. Түркістан – біздің еліміздің ең көне қалаларының бірі. Бұл 1500 жылдық тарихы
бар қала – бір кездері Қазақ хандығының астанасы болған.
XI ғасырда Қожа Ахмет Ясауи кесенесі салынғаннан кейін, Түркістан қаласы
барлық түркі халықтарының діни орталығына айналды. Оны «Екінші Мекке» деп
атаған.
XVII ғасырдың басынан бастап, ол қазақ мемлекетінің астанасы болды. Аңыз
бойынша Әмір Темір, бұл кесенені тұрғыза бастаған кезде, құрылым бірнеше рет
түсініксіз себептермен құлап қалған. Осыдан кейін Темірланның түсіне, алдымен
Ясауидің ұстазы Арыстан бабтың кесенесін салу керек екендігі туралы бұйрық келді.
Сондықтан, адамдар өз қажылығын Арыстан баб кесенесінен бастайды. Ясауидің
өмірінің соңғы күндері өткен жер асты мешіті, әлі күнге дейін сақталған. Қазіргі
уақытта, ол мұражайға айналды. Сондықтан, кез-келген адам оны аралап, өз бағасын
бере алады.
Қасиетті қаланың жанында, Домалақ ана мазары орналасқан. Белгілі аңыз
бойынша, қазақтың 3 жүзі, оның балалары Албан, Суан жәнеДулаттан шыққан.
Жергілікті тұрғындар, Түркістандағы құдықтың қасиетті екендігіне сенеді. Олардың
айтуынша, бұл құдықтан күнәсіз адам ғана су ала алады. Ежелгі заманда, адамның
қандай екендігін осылай тексерген. Абылай хан, Есім хан, Қазыбек би, Әбілқайыр хан
және т.б. мемлекет қайраткерлерінің қабірлері осы қалада орналасқан. Қаратау
жотасының етегінде, Бәйдібек атаның кесенесі тұр. Бұл адам – қазақ халқын
басқыншылармен күресу үшін біріктірген ұлттық қаһарман.

Настюха20071 Настюха20071    3   05.03.2021 13:10    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi