Мәтінді мұқият оқып, мазмұны бойынша 3 проблемалық сұрақ құрастырыңыз. Бала ұйықтағанда адам сенбес түстер көретін. Түсінде бала үстіне ақ халат киіп, зертхана ішінде жүргендей болатын. Әр түнде ұйқыға кетісімен түсінде жүргізген тәжірибелері күрделене түсті. Қарапайым көлбеу жазықтықтан төмен дөңгелеп түскен металл шардың уақытын өлшеуден күрделі физикалық-химиялық тәжірибелер реттерін тапты.
Он бір жасында бала көңілі түнгі аспанға ауды. Әжесінің сынған көзілдірігінен және ойыншықтар арасынан шыққан лупаны пайдаланып, қағаздан түтік орады. Галиео Галилей аспанға бағыттаған алғашқы телескоп сияқты еді. Телескоппы түнгі аспанға емес, күндізгі аспандағы жарық жұлдызға бағыттады. Галиео Галилей ашқан жаңалықты жаңғыртып мәз-мейрам. Өңінде дәлел тапқан тәжірибелер бала қолын қатайтып түстерін өңге айналдыруға жол салды. Жеткіншек бала қолы жетер заттарды пайдаланып, бір жыл ішінде Галилейдің, Ньютонның, Герцтің тәжірибелерін жасап, түстердің мыңнан бір бөлігін дүниеге әкелді. Өсе келе түнгі ұйқыда көретін түстері азайды. Көре қалса ғажап аспаптармен, құралдармен, машиналармен жұмыс істейтін. Көзінің өткірлігі қиялының шексіздігімен, тез ойша білген көргенін байланыстыру қабілетімен ауысты.
Алда оны үлкен істер, ашылмаған жаңалықтар күтіп тұрғаны анық.

nastyaSmIlE20091 nastyaSmIlE20091    3   06.05.2021 14:55    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi