Мәтінді мұқият оқып, мәтінді қысқартып, жинақы мәтін жасаңыз
Айдаһардың бейнесін Италияның атақты
суретшісі Леонардо да Винчи қиял арқылы
былайша суреттейді: «Көкжал аңшы иттің не
жай иттің басын аламы , оған басқа
мысықтың көзін саламыз, құлағы үкінікі
болады, мұрыны тазынікі секілді, қасы
арыстандікі, самайы — әтештікі, мойны суда
жүзетін тасбақанікі сияқты». Осы бейненің
өзі шындықта бар нәрселерді топтастыру
арқылы туып отыр. Бірақ осы топтастыру
нәтижесінде келіп шыққан тұтас образдың
өзін көре білу үшін адамға ең күшті, өрен
жүйрік қиял қажет. Қиял процесінің адам
әрекетінің қандай саласында болмасын зор
маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы
өзгеріп, дамып отырады. А. П. Чехов «Үйде»
деген әңгімесінде Шылым шегіп әдеттенген
жеті жасар балаға ешбір сөз әсер етпей
қойғанын былай баяндайды. Бірде әкесі
оның қиялына әсер етуді ойлайды. Ол
баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәрі
патшаның патшалыққа мұрагер болатын
жалғыз ғана ұлы болыпты,— өзі дәл сен
сияқты кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала
екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады,
столдағы нәрселерге тимейді екен... өзі
ақылды болыпты... Оның бір ғана кемшілігі
— шылым тартады екен... Патшаның баласы
шылымнан көкірек ауру болып жиырма
жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір
қолғанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып,
сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау
келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып
тастапты, сонымен, енді бақша да, шие де,
құстар да, қоқыраулар да қалмаған...».
Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің оған
күшті әсер еткендігі сонша, бала «қараңғы
терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк
етті де, мұңайған дауыспен: — Мен енді
шылым тартпаймын...— деді» ... Қиялдың
адам қажетіне асуы, оның шындықпен
байланысты болып келуі адамға ерекше
қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші
болады.

Олежик121314 Олежик121314    3   09.03.2021 13:16    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi