Мәтінді мұқият оқып, Халық қаһарманы, батыр Бауыржан Момышұлы туралы берілген мәтін бойынша 10 сұраулы сөйлем жаз.
Қазақ халқының батыр ұлы Бауыржанның Кеңес үкіметі мен қазақ халқы үшін жасаған ерліктері мен еңбектері өте зор болды. Ол тек қана әскери адам ретінде ғана емес, сонымен бірге жазушы ретінде де танылды. Оның еңбектерін оқыған жас буын өкілдері Отанға деген сүйіспеншілікті бойларына сіңіріп өсті. Өскелең ұрпақ алдында өзінің ерлігі мен тікмінез қайсарлығын көрсете білді. Тіпті, оның тегінің өзі Момышев емес Момышұлы болатын.
Қазіргі кезде батыр ұлының құрметіне еліміздің үлкенді-кішілі әскери және құқық қорғау органдарының оқу орындары, ауылдары мен көшелері батырдың атымен аталады. Тек Қазақстанда ғана емес Ресейде де батырдың есімімен аталатын мектеп пен көше бар.
2010 жылдың ақпан айында Мәскеу қаласында Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған «Аңызға айналған батыр» кітабының тұсаукесері өткізілді. Кітапта Бауыржан батырдың Мәскеу мұрағаттарында сақталған, бұрындары жарияланбаған жазбалары және жауынгерлер әріптестері Мәлік Ғабдуллиннің, Дмитрий Снегиннің естеліктері жарияланған.
Б.Момышұлының, өміріне арналған Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» (1976) роман-диалогиясы жарық көрді, «Қазақфильм» киностудиясы, «Ел басына күн туса» (1967) көркемфильмін түсірді. Москва академиялық драма театры Момышұлы туралы «Волоколамск тас жолы» спектаклін қойды
1.Бауыржан Момышұлының қандай ерліктерін білесін?
2.Ол кісінің қандай еңбектері бар?
3.Неліктен Бауыржан ағамыз халық қахарманы атанды?
4.Ол кісі кім?
5.Ол кісі жайлы не білесін?
6.Ол кісі өзінің шығармаларында нені меңзеді?
7.Бауыржан ағамыз тірі болса не істер едің?
8.Ол кісіге не айтар едің?
9.2010 жылдың ақпан айында Мәскеу қаласында Бауыржан Момышұлы қандай еңбегін жарыққа шығарды?
10.Ол кісінің неше шығармасын жатқа білесін?