Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз: Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады. Сондықтан да отандастарымыз жылдағы демалыстарын Қара теңіз жағалауындағы демалыс орындары мен Ыстықкөлде өткізіп, таза ауада тынығып, мөлдір суына шомылып, демалыс дәмін татқысы келеді. Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде мүмкіндік бар.
Қазақстанның Туризм және спорт агенттігі бүкіләлемдік туризм ұйымымен бірлесіп, сыртқы және ішкі туризмді дамытудың тиімді бағыттарын айқындап, соның бірі ретінде экологиялық туризмді атап көрсеткен. Экологиялық туризмге қатысты елдегі мүмкіндігі жоғары аймақтар ретінде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары белгіленді.
Елімізде бұл сала экономикамыздың әжептеуір пайда әкелетiн тармағына айналып келедi. Алайда көптеген сарапшылар Қазақстанның өз мүмкіндігін толық пайдаға асыра алмай отырғандығын сенімді түрде айтады. Өйткені туризмнің дамуы бірінші кезекте саяхаттауға барлық жағдайдың жасалуына байланысты. Сол себепті сыртқы елдерге шығатын туристер саны әлі де басым болып отыр.
Соңғы кездері Қазақстан саяхатына шетелдік қонақтар қызығушылық танытуда.
Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығынжоя бастады деп түсіндіреді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуіне мүмкіндігі бар деп есептеледі.
3 тапсырма Алайда көптеген сарапшылар Қазақстанның өз мүмкіндігін толық пайдаға асыра алмай
отырғандығын сенімді түрде айтады.
4 тапсырма 4. Мәтіннен алынған пікірге өз тұжырымыңызды білдіріңіз.
[2]
Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде мүмкіндік бар...