Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазыңыз Театр тарихы
Қазақ өнерінің қара шаңырағы,қазақтың тұңғыш кәсіби театры М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының шымылдығы 1926 жылы 13 қаңтарда Қызылорда қаласында ашылды. Алғашқы қойылымдары Қ.Кемеңгерұлының «Алтын сақина» пьесасы мен М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасынан үзінді болды
Қоғамдық құрылым өзгеріп, жаңа өмірге біртіндеп бейімделе бастаған бұқараны тәрбиелеуде өнердің ролі үлкен болды. Өткен ғасырдың 20-30-жылдарында үлкен нәубетке ұшыраған қазақ халқы үшін білім мен мәдениет, өнердің аса зор маңызын қазақ зиялылары да қатты түсінді, сондықтан да қазақ театрының ашылып, еңсе тіктеуіне Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Ж.Шанин, Қ.Сәтбаев, О.Беков, т.б. көптеген қайраткер ат салысты
1926 жылдың 5 қазанынан театр директоры әрі көркемдік жетекшісі болған Ж.Шанин театрдың шығармашылық қалыптасуында ролі өте үлкен. Алғашқы кәсіби режиссер, драматург, сыншы, шебер ұйымдастырушы Ж. Шанин 1927 жылы Мәскеуде өткен Этнографиялық концертке арасында театр актерлері де бар бір топ өнер шеберлерін бастап барып, өте табысты оралды. 1932 жылы Қырғыз драма театрының бас режиссерлігіне ауысқанға дейін онжылдықтарға парапар еңбек жасады.
Ұлттық драматургия қалыптасып, дами бастады. М.Әуезов, Қ.Кемеңгеров, Ж.Шаниндермен қатар І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Ш.Хұсайынов, Ә.Тәжібаев, Ә.Әбішев, т.б. пьесалары ең алдымен осы театрда сахналанды. Әлем драматургиясынан Шекспир, Мольер, К.Гольдони, А.Островский, Гоголь, М.Горький пьесалары қойылды.
1961 жылы 10 тамызда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен Қазақтың Мемлекеттік академиялық драма театрына ұлы суреткер М.Әуезовтің есімі берілді.
маған тез керек