Мәтінді мұқият оқы. Ұсынылған очерк жазылу мақсатын көрсет. Жер бетіндегі халықтар арасындағы шынайы достықтың бастау алар қайнар бұлағы
адамзаттың рухани қажеттілігінен туған мәдени байланыста екенін тарих әлдеқашан
дәлелдеген. Ал ұлттар достығыдегеніміздің өзі екі елдің ғасырлар бойы құнын жоймай,
ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан әдебиеті мен өнерінің өскелең тартып,
өрісін кеңейтіп, жалпыға бірдей түсінікті тілде сөйлеген тұсында ғана тұнығы
шайқалмай тұлғалана түспек. Олай болса көркем әдебиеттің міндеті тек өз халқының
байлығы болу ғана емес, ізгі ниеттil, азаматтың жанын жақсылыққа бастар, ұлт пен
ұлттың мызғымас достығына дәнекерші болар өміршеңдігімен анықталады. «Әдебиет
достығы – халықтар достығы» деп ұран тастауымыздың түпкі төркіні осында жатыр.
Әдебиет ел мен елді, жер мен жерді бұрынғыдан ары жақындастыра түсудің дәнекері
десек, сондай ізгілікті ізденістерден туған тамаша дәстүрдің бірегейі - әр республика,
облыстарда өтіп жүрген әдебиет күндері. Бұдан үш жыл бұрын туысқан Якут
Автономиялық республикасы жазушыларының Қазақстандағы әдебиет күндерін ұлан-
асыр той, ыстық ықыласпен атап өткен едік. Енді міне, туысқан саха жұрты қазақ
жазушыларын шақырыпты. Алматыдан аттанған 25 жазушы ағайын елдің өткен тарихы,
бүгінгі табысымен танысып алған соң ғана жолға шығуға қақылы еді. Өйткені олар
қонақ болуға емес, Якут елінің болмыс-тіршілігін, арман-мақсатын, әдебиеті мен өнерін,
дәстүрі мен тұрмысын терең зерттеуге, бұрынғыдан да берік рухани байланыс жасауға
бара жатыр.
көргендерімен бөлісу​

Анимешник9595 Анимешник9595    3   22.02.2021 12:07    1

Ответы
dariaskaldina dariaskaldina  24.03.2021 12:08

ең алдымен осыны оКып типо тусиник жазып немесе не туралы айтылғанын жазуға болады

Объяснение:

мен солай жаздым

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi