Мәтінді мұқият оқы. Сұлу Көкше өңірінде биік тау бар. Жерден атқан садақтың оғы оның шыңына жетпейді. Содан да бұл тау Оқжетпес атанып кеткен.
Бұл шыңға сүйсінбейтін жан жоқ. Жақыннан қарағанда сандықша тастарды қолмен әдейілеп қалағандай көрінеді. Қарағайлар мен шыршалар Оқжетпестің тастарына қадалып өскен.
Шың туралы мынадай аңыз бар. Ертеде Бурабай, Көкше жерін мекендеген елде бір бала дүниеге келіпті. Ол елден ерекше ер тұлғалы, зор денелі, батыр болып өседі. Ірі болғаны сонша, өзін көтеруге мал шыдамаған соң пілге мініп жүріпті. Осы кезде қазақ жеріне қызыққан жау аз емес еді. Бала келген жаумен шайқасып, еліне жолатпапты.
Бір күні сол бала шайқастан кейін сәл тынығып алмақшы болады. Күміскөлдің мөлдір суына рақаттанып шомылады да, Көкшенің баурайындағы қалың қарағайдың арасына келіп жатады. Орман ішінде жасырынып жүрген жау осы сәтті дереу пайдаланады. Ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады. Қапыда қарусыз қалған батыр жаулармен айқаса кетеді. Батырдың күші азайып, әл-дәрмені таусылады. Сонда батыр жаулардан қорлық көргенше өлгенін артық санап, Құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Жау қолына тастамас үшін пілін де төбесіне көтеріп алады. Сондағы батыр осы Оқжетпес болса керек.

(168 сөз)

Перевод текста
В районе красивого Кокшетау есть высокая гора.Если стрелять,стоя на лугу,стрела все равно не достанет до вершины горы.Поэтому ее называют Окжетпес.Нет такого человека,который бы не восхищался этой вершиной.Вблизи лежат камни,будто специально сделаные,как сундуки.Ели и сосны растут меж камней Окжетпеса.
Про эту вершину есть такая легенда.Давным давно родился в народе,живших у Бурабая и Кокшетау,малыш.Он рос особенным,здоровым и сильным.Он был таким огромным,что ни одна лошадь не могла поднять его,и ездил он верхом на слоне.В это время было немало врагов,которые хотели захватить казахские земли.Парень сражался со всеми врагами и никого не подпускал к своему народу.
В один день,после сражения,он хотел прилечь и отдохнуть.Он искупался в прозрачной воде озера Кумискуль и наслаждаясь лег среди густых сосен.Враг,прятавшийся в лесу,воспользовался этим.Он хотел поймать спящего батыра.Внезапно невооружённый батыр стал сражаться с врагами.Силы батыра были на исходе.Тогда батыр решил,что лучше попросить Бога превратить его в камень,чем умереть от рук врага.Он поднял своего слона,чтобы он не остался мучаться.Оказывается,тот батыр и есть гора Окжетпес

2- Нұсқа
1.Мәтін не туралы, мәтінге ат қойыңыз?

2.Тест
1.Сұлу көкше өңірінде не бар?
А) Өзен
Ә) Қөл
Б) Тау

2.Шың туралы не айтылған?
А) Ертегі
Ә) Әңгіме
Б) Аңыз

3.Оқжетпес тастарында не өскен?
А) Қызыл Қайын
Ә) Қызғалдақ пен жауқазын
Б) Қарағай мен шыршалар
4. Бір күні бала шайқастан кейін қандай көлге түседі.
А) Алакөл көл
Ә)Балқаш көл
Б)Күміскөл

3.Мәтінде берілген сөздердің синонимын тауып жазыңыз.

Ер
Дұшпан
Демалу

4. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

А)Баланы қалай сипаттайды?
Толық жауап:
Қысқа жауап:

Б)Кейіпкер қандай тілек тілейді?
Толық жауап:
Қысқа жауап:
5. Берілген сөйлемді толықтырып жаз.

А) Ертеде Бурабай, Көкше дүниеге келіпті
Ә) Бала келген жолатпапты

6.Туған жер, ел туралы 5 мақал- мәтел жазыңдар
СОР ​

madamburkova20 madamburkova20    2   11.05.2021 14:49    21

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi