Мәтінді мұқият оқы. Мәтін бойынша 5-6 тірек сөз жаз.
Түркістан – көне қалалардың бірі. Ол Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан.
Қаланың бұрынғы атауы – Яссы.
Бүгінде Түркістанға туристер көп барады. Түркістанда Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі бар. Ахмет Ясауи ғұлама данышпан, ойшыл, ақын болған. Ахмет Ясауи кесенесі 8 жыл салынған. Кесенеде 35 бөлме бар.
Түркістанда 16 ғасырда салынған шығыс моншасы да бар. Бір қызығы, моншаның 9 бөлмесінің бір де бірінде есік жоқ. Бірақ мұнда ыстық ауа мен салқын ауа араласпайды.
Қасиетті Түркістан – қазақ халқының тарихында маңызды орын алатын қалалардың бірі.
Тірек сөздер:
Мәтіннің мазмұнына қатысты 2 сұрақ құрастырып жаз.
с) Мәтінге сүйеніп, сөйлемді толықтырып жаз.
Шығыс моншасындағы бөлмелердің есігі жоқ, бірақ мұнда