Мәтінді дауыстап оқыңыз. Мәтінге тақырып қойыңыз Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай,
Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады. VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн секілді көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы»
дейтін. Себебі бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын.
Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды. Түркістан (Яссы) ертеден «...» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды.
4-тапсырма: Мәтіннің үлгісі қандай?
А) мақала
В) сұхбат.
С) аңыз
Д) өлең
5- тапсырма Көп нүктенің орнына қай сөзді қоюға болады?
А) Оңтүстік Қазақстан
В) сауда базары
С) екінші Мекке
Д) Қытай жері
6- тапсырма Мәтінге қай ақпарат сәйкес келмейді?
А) Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталады
В) Түркістан тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталығы
С). Қазір естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда.
Д) Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды.