Мәтін не туралы a) Спорттың түрлері туралы
b) Спорттың пайдасы туралы
c) Спорттық киім туралы
d) Спортпен шұғылдану туралы
Текст:
«Адам көркі – шүберек» демекші, кейбір адамдар киімге қарап бағалайды. Қалтасындағы қаражаттың көбін киімге жұмсайтын, қатарынан қалғысы келмейтін адамдар қазір өте көп.
Мен көбіне спорттық киім кигенді ұнатамын. Спорттық киім жүгіруге, отырып-тұруға өте ыңғайлы. Осы стильдегі киімде өзіңді еркін сезінесің. Спорттық киім денеңді қыспайды, қимылды шектемейді. Спорттық киімдер жоғары техналогиялы материалдардан жасалады. Олар денеге ауа жібереді, ылғал өткізбейді. Бұл киімдер - спортпен шұғылдансаң да, жай қыдыруға кисең де, ыңғайлы. Спорттық киімдер көбіне қанық ашық түсті матадан тігіледі. Ал ашық түстер көңіл күйді көтеріп, күні бойы сергек жүрумен әсер етеді.
Қазақстан құрамасының спорттық киімі көк түсті. Маған біздің құраманың осы түсті таңдағаны қатты ұнайды. Аспан түстес көк адамның көңілін бірден көтереді. Бірақ олардың дизайны жыл сайын өзгеріп отырады. Ол дизайнды өз талғамыңа қарай таңдауға мүмкіндік береді.
Аяқкиім таңдауда сән мен ыңғайлылығына ерекше көңіл бөлемін. Адам сол аяқкиімде өзін сәнді әрі ыңғайлы сезінгісі келеді. Мен өзімді спорттық киімде ыңғайлы, еркін сезінеді. Спорттық аяқкиімді спорт киімімен бірге достарыммен ойнағанда, көкке шыққанда, отбасымен серуенге шыққанда киемін.