Мәтін: «..Мен таяп келгенде шеттеу тұрған Есікбай сыбырлап қана: − Аян балалар үйіне кеткелі жатыр,- деді. − Қарағым, жолың болсын,- деді жыламсырап. - Жақсыдан қалған тұяқ ең, қайда жүрсең де аман бол. Адам болсаң тауып келерсің әлі... Аян балалардың бәрімен қол алысып қоштасты. − Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын,- деді күлімсіреп. Біз, балалар, Аянды кеп уақытқа дейін еске алып, сөз қылушы едік. Шынында да бұл күнде Аян қайда екен? Тірі ме екен? Ондай бала тірі болуы тиіс. Ондай бала алдына нендей мұрат қойса да жетеді. Ал тірі болса Жусандытөбеге бір оралмауы қалай?! Жусанның иісін сағынбауы мүмкін емес қой» - Тортай, сен түбі сол ақ боз атқа мінесің,- дейді досы. - Қайдам!? Қайдан білейін, әкем марқұмның тақымы тайға да тимей кетіп еді... Күзде жайлаудағы барлық балалар оқуға аттанғанда тауда бұзау бағып, жалғыз Тортай қалады. Тортай досына кетерінде ең сүйікті кітабын сыйлап тұрып айтты: «Мен үшін де оқы, бәлкім мен міне алмаған ақ боз атқа сен мінерсің». - Сенің өз ақ боз атың бар емес пе? - Жоқ, менің маңдайыма көк өгіз жазылған. - Онда мен ақ боз атымды сыйға тартамын...