Мәтін мазмұнына сәйкес көп нүктені қажетті сөзбен толықтырып жазыңдар. 1. Қазақстан - ... қорларға бай өлке. 2. Жер жаннаты ., асқар
Шынды ... , емдік қасиеті мол ... , көрген көзді таңғалдырар ..
суы балдай, шөбі шүйгін ... , ауасы шәрбат ... . 3. Жер шарының
ең көрікті жерлері саналатын ... облысының аумағында «Бурабай»
мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы орналасқан. 4. таулар және
жапырақты орман, ... көл және ауа. 5. Бурабайдың ... мен ...
суы емдік қасиетке бай.
Жер жәннаты Жетісу, асқар шыңды Алтай, емдік қасиеті мол Алакөл, көрген көзді таң қалдырар Балқаш, суы балдай, шөбі шүйгін Баянауыл, ауасы шәрбат Қарқаралы… Біздің елдегі осы іспетті көрікті жерлерді тізіп шығар болсақ, жетерлік. Бірақ, осы орталықтарды елеп – ескеріп жатқандар саусақпен санарлық.Бурабай шатқалы

Жер шарының ең көрікті жерлері саналатын Ақмола облысының аумағында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы орналасқан. Бурабай Қазақстандағы ең танымал демалыс орындарының бірі. Бұл жер бетінде сирек кездесетін өзіндік орны бар географиялық пункт ретінде кеңінен танымал. Бурабай шатқалының жоғарғы жағы Қазақ ұсақ шоқыларының құрамына кіретін аласа таулы елдерді көрсетеді. Биік таулар және қылқан жапырақты орман, айдынды көл және таза ауа. Табиғаттың шипалы қуаты жақсы демалуға және денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік тудырады. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.