Мәтін мазмұнын өз сөздеріңмен әңгімелеңдер. МӘТІН:
Адамзат тарихымен қоса жасасып келе жатқан театрдың қайнар көзі ежелгі замандағы аңшылық пен ауылшаруашылық ойын-сауықтарына, халық мерекелері мен салт-жораларына саяды. Осы негізде пайда болған алғашқы трагедиялық және комедиялық сипаттағы дәстүрлі ойын сауықтар мазмұнынан драмалық тартыстар мен сюжеттердің нышан дары, сондай-ақ хор өндері, билер, диалогтер, киім киіп, сон-салтанат куру, маскамен бет әлпетін өзгерту бой көрсетті. Ойын-сауық өрекетінің діни-салттық негізден бірте-бірте арылып бөлінуі, қаһарманның хор тобынан алдыңғы қатарға шығуы жөне көпшілік мейрамдарын арнайы ұйымдастырылған ойын-сауыққа айналдыру адеби драмалардың тууына қолайлы жағдай жасады. Актерлер мен көрермендерге жіктеліп бөліну театрдың аса маңызды қоғамдық қызметін айқындай түсті. Бұл процесс еуропалық театр өнерінің өркен жаюына зор ықпал жасаған Ежелгі Грекия театрында айқын көрініс тапты. Біздің заманымыздан бурын V ғасырдың өзінде-ақ ежелгі гректердің мемлекет-калаларында театр қоғамдық өмірдің орталығына айналды. Бұларда ойын-сауық бүкіл халық мерекесі саналды. Аспан аясында, төбесі ашық алып амфитеатрларға он мыңдаған көрермен жиналып, ойын-сауықты тамашалап отырды. Ежелгі грек драматургтері: Эсхил, Софокл мен Еврипид трагедияларында аңыз құдайлары мен қаһармандарының түлғасы жасалды. Ал Аристофан комедияларында ежелгі дәуірдің саяси және елеуметтік күресі бейнеленіп, қоғамда орын алған кемшіліктер мен орынсыз жайлар өткір күлкі отына үшырады. Грек театр мәдениетінің дәстүрі жаңа қоғамдық өмірдің ерекшелігіне орай Ежелгі Рим театрында өзінің жаңа даму жолын тапты. Рим театрында (Плавт, Сенека, Теренций т.б. драматургтер) спектакльді қою мен театр техникасы едәуір дамып, сахна түрлері өзгерді; ойын-сауықтың жаңа түрлері, оның ішінде мифологиялық сюжетке құрылған музыка-би сауығы - пантомима пайда болды. Ойын-сауықтың алуан түрі Ежелгі Шығыс елдерінде де, соның ішінде Жапонияда, Индонезияда, Қытайда, Үндістанда және т.б. елдерде туып, өрістей бастады.​

BroKeNxHeArT BroKeNxHeArT    1   12.04.2021 12:12    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi