Мәтін мазмұны бойынша жоспар құр. Қазіргі айтыстардың тақырыптары алуан түрлі. Сондықтан ақын
айтысқа түсу үшін көп іздененеді. Материал жинайды. Сол уақыттың
жақсы-жаман жаңалықтарын меңгереді, ой түйеді. Айтыскер ақын өз
елінің, туған жерінің тарихын, географиялық және этнографиялық ерекшеліктерін, атақты адамдарын, салт-дәстүрін білуі тиіс. Өзімен айтысатын ақынның кемшіліктерін, ұнамсыз мінезін білгені тиімді болады.Оны қарсыласына қарсы қолданған. Майталман айтыскерге қойылатын талап бұрынғыдан күшеймесе, азайған жоқ. Себебі ақындардың сөзі қашан да халықтың сөзі болған. Ринат Зайытов, Дәулеткерей Кәпұлы, Айбек Қалиев сынды ақындар әлеуметтік мәселелерді көтеріп, көрермендердің ықылас-ілтипатына бөленіп жүр.
Қазіргі кезде қазақтың айтыс өнері өте жақсы дамыған. Елімізде жақсы айтыс мектебі бар. Оның дәлелі ретінде айтыс мектебінің
өкілдері — Аманжол Әлтаев, Айнұр Тұрсынбаева, Рүстем Қайыртайұлы, Сара Тоқтамысқызы, Балғынбек Имашев, Бекарыс Шойбеков және т.б. өнерлі, ділмар айтыскер ақындарды атауға болады.
Қазіргі кезде ақындар айтысы, қыз бен жігіт айтысы жиі болады.
Ақындар қоғамдағы жағымсыз нәрселерді өткір сынап, сатирамен жеткізеді. Айтыста арнайы қазылар төрелік етеді.