- Мәтін мазмұны бойынша бір жіңішке сұрақ құрайды - Мәтін мазмұны бойынша бір жуан сұрақ құрайды
- Сан есімдерді теріп жазады
- Мағыналық түрлерін ажыратады
Су көлігі
Су көлігі –энергияны пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі. Кемелер поезд, машина, ұшақ сияқты жылдам қозғалмағанымен, ауыр жүктерді тасымалдауда оларға ешбір көлік теңесе алмайды. Соның ішінде біздің елімізде өзен көлігі мен теңіз көліктері жиі кездеседі, себебі олар ішкі су жолдарында қатынайды. Республика аумағында 7-ге жуық су алабы бар. Қазақстанда кеме қатынайтын жалпы пайдаланудағы су жолдарының ұзындығы 5635 км. Ертіс, Орал, Сырдария, Іле өзендерінің бойымен жергілікті мәні бар жүктер тасымалданады. 2005 жылы «Ішкі су көлігі туралы» ҚР заңы қабылданды. Жылына ішкі су жолдарымен 825,04 мың тонна жүк тасылады екен. Біздің қаламыздың өзінде Жайық өзенінде екі-екіден немесе дара жүзген алып су көліктерін кездестіруге болады