Мәтін бойынша жоспар құрастыр ,қысқарған сөздерді тап. Комек

Әлем таныған Абай

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ғана емес, бүкіл адам заттың ақыны. Сондықтан ЮНЕСКО шешімі бойынша 1995 жыл «Абай жылы» деп аталды. Ұлы ақын Абайдың 150 жылдық мерейтойының аталып өтуі туралы ЮНЕСКО-ның бас директоры Федерико Майор былай деді: «Абай – әлемдік маңызы зор тұлға. Ол оқырманға өзінің ақындық сезімімен ғана әсер етіп қойған жоқ, ол – азаматтың санасына даналықтың дәнін сепкен данышпан, ойшыл... Оның гуманистік идеялары Еуропаның классикалық философиясымен қалай үйлесіп, өріліп жатқанына таңғалмасқа шара жоқ. Бір кезде қазақ ақынын толғандырған мәселелер қазіргі таңдағы кез келген халық өкілінің көкірегінде күмбірлеп жа тыр десем, артық айтқандық емес. Егер біздің уақытымыз тұрғысынан қарасақ, Абай – әлемдік поэзия алыптарымен қатар тұрған ғаламат тұлға. Сондықтан біз Абайдың 150 жылдығын 1995 жылы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде салтанатты түрде атап өтуді дұрыс деп таптық. Әлем таныған Абай өмірі, оның шығармалары – келешек ұрпақ үшін үлгі, өнеге».

ДианаИванова11 ДианаИванова11    1   21.10.2020 11:56    1

Ответы
никита3491 никита3491  20.11.2020 11:57

жоспар :

Объяснение:

жоспар:

1. Абай - адамзаттың ақыны.

2. Ақынның 150-жылдығы.

3. Зор тұлға.

4. Абай шығармалары - келешек ұрпаққа үлгі, өнеге.

қысқартылған сөздер : ЮНЕСКО - біріккен ұлттар ұйымының білім, ғылым, мәдениет мәселелері жөніндегі халықаралық, үкіметаралық ұйымы

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi