Мәтін бойынша жоспар құр. Тірек сөздерді теріп жаз. Жоспарың бойынша мәтінді баянда 2000 жылы Сидней олимпиадасында Тәуелсіз Қазақстан әлемге та-
нылды. Алғашқы сайыста алтын медальді ұлттық құрамадағы 20 жастағы
спортшы Бекзат Саттарханов әкелді. Артынша Ермахан Ибраимов алтын
медальмен, ауыр салмақтағы Мұхтархан Ділдәбеков күміс медальмен ма-
рапатталды. Осылайша, олар бірнеше мәрте нағыз бокстың үлгісін көрсетті.
2004 жылы Грекияда өткен Олимпиада ойындарында да былғары
қолғап шеберлері «жеңімпаз» атанды. Бақтияр Артаев алтын медальдің
иегері болды. Ол қазақ спортшыларының арасында тұңғыш рет Bэл Бар-
кер кубогының иегері болды. Осы бәсекеден кейін Геннадий Головкин мен
Серік Елеуов те қарсыластарын ұтып, жанкүйерлерді қуантты. Олар күміс,
қола медальдармен марапатталды. 19 П.
Po08 жылы Пекин олимпиадасында 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде
Бақыт Сәрсекбаев алтын медаль, 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде
Еркебұлан Шынәлиев қола медаль алды.
2012 жылғы Лондон олимпиадасында Серік Сәпиев бірінші орын алып,
Bэл Баркер кубогын иеленді.