Мәтін бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазыңыз. Денсаулық сақтау саласындағы жобалар. Денсаулық сақтау саласында да технологияның дамуы өз жемісін беріп келе жатыр. Сәуір айында Ұлыбританияның ғалымдары сүт безі тініне (ткань) жүргізілген генетикалық зерттеу қорытындысын жариялады. Олар аурудың 10 типі болатынын анықтаған. Бұл жаңалық ауруды емдеу мен науқастың өмірін ұзартуға зор көмек болуы ықтимал. Сонымен қатар ғалымдар жасанды ағза жасау саласында да ілгері жылжыды. Бұл салаға қатысты осы жазда жарияланған зерттеуге сәйкес, америкалық ғалымдар қант арқылы жасанды орган өсіріп, жасанды бауыр жасау жолында біршама жетістіктерге жеткен. Жасанды орган 3D таңбасы арқылы құрастырылған. Жақ сүйегін ауыстыру да жақында 3D тәсілімен жасалмақ. Көптің назарын аудартқан 3D технологиясы тек медицинада ғана қолданылмайды. Қазір 3D принтері де танымал болып келеді. «Қағаздағы типографиялық бояудың орнына шағын пластикалық катушка қолданылады. Нұсқауына қарап, оны қалаған формаға келтіре аласың. Интернетке кіріп, дизайнын тауып, жүктеп, 3D принтеріңізге жібере аласыз. Тапсырысыңыздың оңай-күрделілігіне қарай белгілі бір уақыт аралығында құрастырып шығарады», - дейді АҚШ-тағы Gizmodo порталы бас редакторы Брайан Барет. Техинсайдерлер 3D принтерінің келесі жылы кеңінен қолданыла бастайтынын айтады. Оның екі мың таңбаға дейін қысқартуға мүмкіндігі бар. Жинақы мәтін. Сөз саны-100 өз ойымен