Мәтін бойынша қарапайым жоспар құрыңыз. Галикарнас жеті шақырым қорғаны, қақпасы бар мәртебелі қала
болатын. Қаланың назар аударарлықтай жерлеріне: Марс Шіркеуі
және әйгілі көпшілік ойын-сауықтар өткізілетін амфитеатр,
Мавсoлдың отбасы және қызметшілері тұратын сарай кірді.
Мавзолей Галикарнастың негізін қалаушы Мавсoлдың
маңыздылығын көрсету мақсатында қаланың ең басты көшесінің
бойына, базар алаңының жанына салынды. Биіктігі 6м мүсіндер
тобы - төрт ат жегілген екі аяқты арба, пирамиданың бас жағында
тұрады. Өз көлемімен екі есе үлкен ол мәрмәр тастан істелінген
еді, аттардың ауыздығы қоладан жасалған, ал жүгені алтынмен
жалатылды. Арбаны Мавсoлдың мүсіні «басқарып тұр». Арбаның
тұғыры жан-жағы фриз деп аталатын гректердің кентавр —
жартылай адам, жартылай аттармен соғысын бейнелейтін
әшекейлі жиектастармен безендірілді. Баспалдақ түрінде жасалған
биіктігі 7м мәрмәр тастан жасалған пирамида пішініндегі бөлігі
шатырын құрайды. Археологтардың есебі бойынша баспалдақтың
әр басқышының биіктігі 30см. Шатырды айналдыра мәрмәр
тастан жасалған арыстандар қатарланып тұр. Олардың моланы
күзетулері де мүмкін.