Мәтін бойынша 3 жетекші сұрақ жаз.

Әл-Фараби атындағы кітапхана – 1934 жылы университеттің құрылуымен қатар жұмыс істей бастап, университеттің оқу және ғылыми үдерістерін ақпараттық-кітапханалық қызметпен қамтамасыз ететін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылымдық бөлімшесі.
Алматы қаласының ең шырайлы аудандарының бірінде орналасқан ҚазҰУ қалашығы деген атымен танымал студенттік кампуста 2004 жылдың 8 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен сол кездегі Чехия Президенті Вацлав Клаус университет кітапханасының жаңа ғимаратының іргетасын қалаған. 2012 жылы кітапхана жалпы ауданы 17 856,6 м2 құрайтын, шығыс стилінің нақыштары жаңа технологиялармен және коммуникациялық шешімдермен жақсы үйлесім тапқан, Орталық Азияда аналогы жоқ заманауи ғимаратқа көшті.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң ғылыми кiтапханасы университеттiң бастаушы құрылымдық бөлiмшелерiнің бiрі болып табылады және ғылым мен білім беру қызметінің кiтапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.Университет кітапханасының негізгі мақсаты - университет профиліне сәйкес кітап қорын сапалы жинақтау, мамандықтар бойынша кітаппен қамтамасыз ету, оқырмандарға тиімді ақпараттық орта құру және ақпарат ресурстарын пайдалануына мүмкіндік тудыру. Заман талабына сай кітапхананың қызмет жүйесіне жаңа технологияны енгізу және әлемдік білім беру кеңістігіне шығу.Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ кітапханасы - университеттің оқыту-тәрбиелеу үрдісін, ғылыми-педагогикалық қызметін, сондай-ақ әкімшілік-шаруашылық жұмысын библиографиялық-ақпаратпен және әдебиеттермен қамтамасыз ететін мекеме. Бүгінде ЕҰУ кітапханасының жетекші мамандары аймақтағы оқу орындарының 30-дан астам кітапханасына барлық сала бойынша теориялық және тәжірибелік көмек көрсетуде.

naklus naklus    2   20.04.2020 08:52    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi