Мәтін бойынша 2 сұрақ құрастырыңыз «Өнертапқыш» ғылыммен айналысушы, ғылыми ізденіс жасаушы, тың ойлар мен түрлі жобаларды іске асырушы адам. Олар басқа адамдардан ұтқырлығымен ерекшеленеді. Ұсынған жобалары жаңа қоғамның жаңаша идеялары болады. Олар елдің экономикасын дамытуға, мемлекетті көркейтуге қажетті ұтымды жобалар ұсынады. Біздің елде де жобаларын ұсынып жатқан өнертапқыштар аз емес.
Қазіргі кезде Қазақстанда жас өнертапқыштардың саны көбейіп келеді. Сондай жас өнертапқыштарымыздың бірі – Бауыржан Тінәлиев. Ол ауылшаруашылық саласына жаңа технология енгізді. Ол көкөністі жуып, ұнтақтауға, кептіріп, ұзақ уақыт сақтауға арналған кешенді қондырғы жасап шығарды .
20 жастағы Мақсат Кәдірхан електронды киіз үй ойлап тапқан. Электронды киіз үй күннен қуат алады. Аталған аккумулятордың күші бір аптаға жетеді.
Серікбол Шәймардан атты өнертапқыш электронды бесік пен көпқырлы циркуль ойлап тапты. Өнертапқыштар Абзал Қадырбаев пен Бауыржан Сейтенов «қазақша сөйлейтін» қалам жасап шығарды. Өнертапқыштардың айтуынша, «Зерек» атты бұл қалам 2-7 жас аралығындағы балаларға әріптер мен сандарды үйретуге арналған .
Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз.