Мәтін бойынша 2 проблемалық сұрақтар құрастырыңыз …Қазақ елі Ұлы Отан соғысы біткен соң он үш жылдан кейін ғана Рахымжан Қошқарбаевтың кім екенін
алғаш білген. Ол кісінің ерекше ерлігінің көпке танылуына, кейінгі өмірінің басқа арнаға түсуіне бірден-бір
себепкер адам - ата. Мұны біреу білсе, біреу білмейді. Көнелердің қатары азайып, көзі кеткен сайын, әсіресе
кітап оқымай, ғаламторға емініп кіріп кеткен жастар бұл жағдайдан бейхабар.
Рахымжан аға Қошқарбаевты ата бірінші рет 1958 жылдың алғашқы күндерінің бірінде өзіне сәлем бере
келгенде көріпті. Майдангерлер тез-ақ тіл табысып, ұзақ әңгімелеседі. Атаның айтуынша, алғашында сөзін
суыртпақтап бастап, бірте-бірте бөгеті ағытылған судай ақтарылып жан дүниесінде түйдек-түйдек болып
түйіліп жатқан сырын да, ащы шынын да жайып салыпты. Рахымжан аға кете салып, ата Кәкімжан
Қазыбаевқа телефон соғып: «Тез жеткін!» - дейді қатаң түрде. Ағасының бұйрығын екі етпейтін әдетімен ол
кісі лезде жетеді. Аға келген заматта ата:
- Журналиспін дейсің! Дипломым бар деп мақтанасың. Журналиске, ең алдымен, сезгір жүрек, көреген көз
керек. Соғыс біткелі бері он үш жыл өтті, Рахымжандай тарихи адамды күні бүгінге дейін көрмей жүрген
неғылған журналиссіңдер? Адам ерлік жасауды жоспарламайды. Ерлікті туғызатын сәт болады. Адамның
жақсы қасиеті де, жасық қасиеті де соғыста, тап сондай сәтте көрінеді. Мұндай сәт адамның ғұмырына, керек
десең ұрпақтан-ұрпаққа кететін өмірбаян, өсиет болып қалады. Рахымжан - сондай қиын-қыстау сәтте асыл
қырынан көрінген азамат. Ол қыры - жасаған ерлігі. Тағдыр оның өмірбаянын сол сәтте жазды. Оның
өмірбаяны - отпен жазылған өмірбаян. Мен де төрт жыл соғыстың небір қияметін көрген жанмын. Бірақ
фашизмнің соңғы бекінісіне айналған Берлинді алғандағы соғыс, Рейхстагқа ту тігердегі сұрапыл соғыс - ол
нағыз жойқын қырғын! Рахымжан - Жеңіс жалауын желбіретіп Рейхстагқа тіккен батыр.
Оның өмірбаяны неліктен отпен жазылған өмірбаян?
Рейхстагқа ту тігердегі сұрапыл соғыс неліктен нағыз жойқын қырғын?