"Өмірдің мәні не ?" тақырыбы бοйынша өз ойларыңды жазу

lyntik228 lyntik228    3   11.10.2020 17:11    0

Ответы
садов19 садов19  11.10.2020 18:01

Әр адам өмірдің мәнін, оның құндылықтарын түрлі мағынада елестетеді. Біреу үшін ол – көп ақша, екіншілер үшін қымбат көлік немесе шетелге саяхаттау, тағы біреулер үшін бағасы адам құнынан да артық әшекей бұйым. Мен жоғарыда аталғандарды өмірдің құндылықтары деп айтпас едім. Себебі олар – материалдық құндылық. Кейде осы екеуінің арасын ажырата алмай, талай адамның қателесіп жүргеніне куә боламыз. Бұл дүние бүгін бар да, ертең жоқ. Менің өмірімнің мәні – отбасым. Олар маған миллиардтаған ақшадан да қымбат, бағасына неше карат гауһар жүзіктер де жетпейді. Осы өмірдегі мен арқа сүйейтін адамдар – әкем, анам және бауырларым. «Бірінші көрнектілік – отбасы, ошақ қасы» дегендей менің бар байлығым, ай, күнім осы жандар.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi