Мәнге ие сәттерің көп елде өтетін, Озбыр жоқ сыбағаңнан кенде ететін. Бәріміз ұйымдасып көркейтейік Қазақтың бейбіт, дербес мемлекетін,-деп ақын жырлағандай, біртұтас ел болып, тәуелсіздігімізді көркейту үшін әлемнің түкпіртүкпірінде тарыдай шашылып жатқан қазақтың басын қосып, бір шаңырақ астына жиналуы керек. Бұл - бүгінгі күнгі өзекті мәселенің бірі. Шығармада көтерілген мәселенің жаңашылдығына баға бере отырып пікіріңізді білдіріңіз де 150-200 сөз көлемінде әдеби эссе жазыңыздар.