«Мәңгілік ел» ескерткіші жасампаздық қақпасын бейнелейді. Салтанатты қақпаның маңдайында мемлекеттік рәміз – Елтаңба, шаңырақ, киіз үй керегелері, күн шұғыласы, алтын жалды қанатты пырақ бейнеленіп, «Қазақстан» деген сөз жазылған. «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы – айрықша сәулет ескерткіші. «Мәңгілік ел» жазуы қақпаны көріктендіріп тұр. Арка ұлттық оюмен безендірілген. Абыз ақсақал мен данагөй ананың, қаһарман батыр мен елшіл жауынгердің қола мүсіндері өнерлі қазақ халқының рухани өмірінің тыныс-тіршілігін білдіреді. Қақпаның бір жағына Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі тайқазанның көшірме үлгісі орнатылған. Мұнымен қоса онда қазақ жауынгерінің бес қаруының бірі – қалқан бейнеленген. Қақпаның бір қабырғасы Тәуелсіздікке арналған. Онда Егемендік туралы декларация көрсетілген. Бұл қабырғада «Ақорда», «Бәйтерек» секілді маңызды нысандарының суреттері салынған.

Мәтін бойынша берілген ақпараттардың дұрыс-бұрыстығын анықта.
Ақпарат
1 «Мәңгілік ел» ескерткіші жасампаздық қақпасын бейнелемейді.
2 «Мәңгілік ел» жазуы қақпаны көріктендіріп тұр.
3 Арка халықаралық оюмен безендірілген.
4 Қақпаның бір жағына Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі шоқпардың көшірме үлгісі орнатылған.
5 Қақпаның бір қабырғасы Тәуелсіздікке арналған.
6 Мұнымен қоса онда қазақ жауынгерінің бес қаруының бірі – найза бейнеленген.

oksiz72 oksiz72    3   23.12.2020 12:38    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi