Мәдениет – адамгершілік, имандылық. Мәдениет – ұлттың рухы.

Мәдениет – жанашырлық, туған тілге деген жанашырлық.

Мәдениет – білімде ғана емес, біліктілікте.

Мәдениет – зиялы деген атауда емес, иман ұялаған инабатты бетте.

Мәдениет – ақиқат пен шындықта.

Мәдениет елді, халықты, ұжымды басқару емес, ол – елді, халықты,

ұжымды сыйлау, олармен санасу.

Мәдениет – баршамызға ортақ дүние. Ендеше баршамыз жұмыла

мәдениетті, төл мәдениетімізді көтеруге атсалысайық!

10-тапсырма. Аталған туындының әлемдік мәдениеттегі маңызын

Ашатын материал жинақтап, жоспар құр. Ақпаратты жалғастырып жаз.

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры 2015 жылы

А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсының жаңартылған

нұсқасын сахналады. Ол қоюшы-режиссер Джанкарло Дель Монако мен

бас дирижер Алан Бөрібаевтың көркемдік жетекшілігімен жүзеге асты.

Либреттосын М. Әуезов жазып, алғашқы премьерасы 1944 жылы өткен

бұл шығарма – ұлттық операмыздың үздік туындысы.

Дескриптор

-тақырып бойынша қосымша материал қарайды

-қосымша материалды оқиды

-материалдарды жинақтап,тезистік жоспар құрады

- жоспар бойынша жалғастырып жазады

Nastya250420021 Nastya250420021    1   03.11.2020 16:42    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi