Люди олимпиадой по казақ тілі. нужно до завтра 1-тапсырма.
Оқылым бөлігі
Оқыңыз.
Достың көп болғаны жақсы ғой. Менің достарым аз емес. Мен кейде балалық шақтың қызықтарын бірге бөліскен достарымды сағынамын. Балалық шақ деген тәтті екен. Сол кезде бірге жүрген достардың орны бөлек. Қазір достарымның қайда жүргенін білмеймін. Олар да мен секілді студент шығар. Бүгінде соларды іздеп, хат жазып отырмын.
Мен бастауыш сыныпты Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қарқаралы ауылындағы орта мектепте оқығанмын. Бұл 1996 – 2000 жылдар аралығы еді. Біздің сыныптың оқушылары тәртіпті де, тәрбиелі еді. Әрі бәрі шеттерінен өнерлі балалар. Әсіресе, Аян мен Серік өте жақсыға оқыған. Біз үнемі футбол ойнап спортпен айналыстық. Аян мейірімді де, ақылды. Мен оны осы қасиеттері үшін де жақсы көретінмін. Бүгінде оның қайда екенін білмеймін, оларды сағынып, іздеп жүрмін.
(Қазақстан әйелдері, № 8, 2008 ж. 111 сөз)
1. Мәтін мазмұны ... туралы.
А) нағашым
В) достарым
С) ауыл
D) футбол
2. Мәтіндегі негізгі ақпарат ... туралы.
А) сыныптастар
В) студенттер
С) балалық шақ
3. Асты сызылған сөзге мағынасы жақын сөзді табыңыз.
Балалық шақ тәтті екен.
А) қызық
В) қиын
С) ауыр
D) қымбат
4. Асты сызылған сөзге мағынасы жақын сөзді табыңыз.
Біз үнемі футбол ойнап, спортпен айналыстық.
А) ылғи
В) қашан да
С) әсіресе
D) әрқашан
5. Асты сызылған сөзге мағынасы жақын сөзді табыңыз.
Олар да мен секілді студент шығар.
А) сияқты
В) сонымен
С) сол себепті
D) сондай-ақ
6. Бірге жүрген достардың орны бөлек.
А) өзгеше
В) артық
С) бірге
D) бірлікте
7. Оның достары қандай балалар деп ойлайсыз?
А) – Меніңше, тәрбиелі, өнерлі
В) ұйымшыл
С) көп қыдырады
D) ізденімпаз, көп оқиды (7 ұпай)
Тыңдалым
2-тапсырма.
(ютубта екі дос пен аю десеңдер шығады)
1. Бұл аудиомәтіндегі ағашқа өрмелеп кеткен достың іс-әрекетіне қалай қарайсың? (5 ұпай)
2. Талдың түбінде қалып, аюға жем бола жаздаған достың тапқырлығы жайлы сөз қозғап көр. (5 ұпай)
3. Тыңдалған мәтінді бір мақал-мәтелмен түйінде. (5 ұпай)
Шығарма жазу
Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, шығарма жаз.
1. «Туады ерлер ел үшін...»
2. «Ер қанаты – ат...»
3. Ел бақыты – Тәуелсіздік.
4. Мақал – сөздің мәйегі.
5. Адалдық - ардың ісі.
6. Мәңгілік ел – болашаққа бастаған ел...
7. «Мен білетін Абай...»
.
Жазбаша жұмысты бағалау тәртібі:
1. Шығарманың мазмұны, ой тереңдігі – 10 ұпай
2. Әдеби материалды пайдалану деңгейі – 10 ұпай
3. Шығарманың жазылу стилі мен тілі – 10 ұпай
4. Тыныс белгілері – 10 ұпай
5. Емле /орфография/ - 10 ұпай
1 В) Достарым
2 С) Балалық шақ
3 А Қызық немесе D Қымбат
4 В Қашан да немесе D Әрқашан
5 D Сондай ақ
6 А өзгеше
7 А Меніңше тәрбиелі, өнерлі вроде
Дұрыс деп ойлаймын