Люди 1)Күлтегін жырын кім жаздырған ?
2) Жырды қазақ тіліне аударған ғалымдарды ата ?

1. Қайтыс болған -
2. Бағалы –
3. Бейіт –
4. Ескі –

Текст

Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Орхон-Енисей жазуына жататын маңыздылығы жағынан баға жетпес құнды дүние. Бізге жеткен Түркi тарихы да осы VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері арқылы белгiлi болды. Ескерткiш бiр заманда түркiлер мекендеген Енесей өзенiнiң бойы мен қазiргi Монғол Халық Республикасының астанасы Улан-Батордың батысындағы 400 километр жердегi Орхон өзенi бойындағы Кошо-Цайдам ойпатында орналасқан. Оны алғаш тауып, ғылым әлемiне мәлiмдеушi-орыс ғалымы Н. М. Ядринцев. 1890 жылы Гейкель басфин – угор қоғамының, 1901 жылы В. Радлов бастаған Орыс ғылым Академиясының Экспедициялары ескерткiш орнатылған жерге барып, жазуды өз көздерiмен көрiп, тексерiп қайтады. 1958 жылы монгол – чехославак бiрiккен ғылыми экспедициясы Күлтегiн ескерткiшiнiн орнына қазба жұмыстарын жүргiздi. Бұған басшылық еткен чех археологы Л. Иисль. Бұл В.В. Радловтан кейiнгi жасалған қазба жұмысы едi. Қазба жұмыстары үстiнде қорған астынан екi кiсiнiң тасқа әдемi ойылып жасалған бас мүсiнiн кездестiрдi. Оның бiрi Күлтегiнiң, екiншi әйелiнiң мүсiнi екені анықталды.
ҚҰТЫЛЫҒҰЛЫ КҮЛТЕГІН (684-731ж.ж.) Күлтегін (684-731) – Қапаған және Білге қаған дәуіріндегі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы. Құтлұғ қағанның кенже баласы. 7 жасында жетім қалып, 10 жасында ер атанады, 16 жасында қару-жарақ асынып, ел намысын, халық кегін қуып табғаштарға аттанған. 47 жасында дүниеден өткен . «Күлтегін» жырын жаздырған – Иоллығтегін.1893 жылы 25-қарашада Копенгаген университетінің профессоры, Дания ғалымы Вильгельм Людвиг Томсен белгісіз болып келген Орхон-Енисей ескерткіштерінің әліппесінің кілтін тапты. Алғаш рет “Тәңгір” деген сөзді оқыған. Одан кейін Радлов, Малов орыс тіліне аударса, А.Аманжолов, Мұсабеков, Айдаров зерттеп, қазақ тіліне аударған.
Күлтегін ескерткіші Түркі халықтарының баға жетпес мәдени байлығы. Ескерткіштің 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттiк Университетiнiн бас ғимаратына орналастыруы Қазақ халқының арғы аталары Көне Түріктердің төл жазбаларының қаншалықты құнды мұра екендігін дәлелдей түседі

6df5 6df5    2   24.09.2021 13:20    1

Ответы
мурзик55 мурзик55  24.09.2021 13:30

1. Ажал жетіп, сол асыл тірек 731 жылы ақпан айының 27-і күні 47 жасында дүние салғанда Ұлы Дала күңіреніп, төрткүл дүниеден түгел елшілер келіп, Күлтегін рухына тағзым еткен. Оны жерлеуге татабы елінен Удар Сеңүн, табғаштан Ісуйі Лікен, Тибеттен Бөлен, алыстағы Соғдыдан, Бұқарадан Тархан ұлы Нең Сеңұн, оғыздан Білге таңбашы, қырғыз қағанынан Тардуш Ынаншы Чур, тағы басқа көптеген белгілі адамдар келген (Айбын, 427-б.). Қайғыдан тек дос елдер ғана емес, қастарының да қабырғасы қайысты. Білге қаған інісінің басына жоқтау-жыр жолдарын жаздырып, құлпытас орнаттырған.

2. А.Аманжолов, Мұсабеков, Айдаров зерттеп, қазақ тіліне аударған.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi